©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

III бөлім. Өсімдіктердің дене мүшелері - Оқу-әдістемелік кешен «Ботаника» пәні бойынша


III бөлім. Өсімдіктердің дене мүшелері

1. Өркен, бүршік

А. Анықтаманы толтыр.



  1. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің тамыр мен өркенге бөлшектенбеген және күрделі құрылыссыз денесі - …..

  2. Псилофиттердің цилиндр тектес ось органы - …..

  3. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің негізгі вегетативті ось органы - ……

  4. Ағаштың негізгі сабағы - …..

  5. Ағаштың өркен жиынтығынан тұратын жоғарғы бөлігі - ….

  6. Өсімдіктің денесінің көлемін ұлғайтатын, дененің белгілі бір деңгейінде, бағытта күшті бөлшектенуі - ……

  7. Өркеннің апексі екінші деңгейдегі бірдей екі өркендітуындайтын бұтақтану түрі - …..

  8. Сабақтың төменгі бөлігінде көп мөлшерде ірі өркендердің пайда болу құбылысы - …

  9. Сабақтың жер бетіне жақын орналасқан және жер асты бүршіктерінен жаңа өркендерінің базитонды бұтақтану нәтижесінде пайда болуы - ….

  10. Сабақтың ұшына тақау жанама өркендердің пайда болуын туғызатын бұтақтану - …

  11. Сабақтың жапырақ немесе жапырақтар орналасқан бөліктері - …

  12. Сабақтың көршілес екі буынының аралығындағы участогі - …

  13. Жаңа өркеннің бастамасы - ….

  14. Өркеннің төбе меристемасы - …

  15. Өркеннің бетік өсуін қамтамасыз ететін және ішке қарай жаңа клеткаларды түзбейтін апекстің меристема қабаты - …

  16. Өркен аспексінің туника астында орналасқан меристема зонасы - …

  17. Аспенкте екі өркен метамериясының пайда болуына кететін уақыт бөлшегі - ….

  18. Сабақ стеласының орталық бөліміндегі паренхимадан тұратын негізгі ұлпа - ….

  19. Крахмал дәндері жинақталатын сабақ энтодермасы - …

  20. Сабақтың өткізгіш шоқтар аралығында орналасқан ұлпа зоналары - …

  21. Камбий астында жатқан жас сүрек - ….

  22. Жапырақтағы өткізгіш шоқтардың сабаққа өтетін жері - …

  23. Сосудты өсімдіктердің сабағы мен тамырындағы өткізгіш және оны қоршаған ұлпалар жиынтығы - ….

  24. Көлденең кескіндіде ксилема сақина тәрізді орналасқан және ортасында өзек пайда болатын стель типі - …

  25. Көлденең кесіндіде жұлдызша тәрізді ксилема бар, оның шетінде жапырақ ізі орналасқан стель типі - …

  26. Өзек сәулелері арқылы бөлінген шеңберлі өткізгіш шоқты стель типі - …

  27. Ортасында өзегі жақсы жетілген ашық коллатералды өткізгіш ұлпа орналасқан стель типі - …

  28. Ылғалдың жетіспеушілігіне байланысты болатын өркенмен жапырақтың метаморфозасы - ….

  29. Шығу тегі көп жылдық өркен - …

  30. Сыртқы пішіні пиязшыққа ұқсас, қабыршақталған құрғақ жапырақтармен қапталған, метаморфозданған жер асты өркені - …

  31. Жарғақталған ұсақ жапырақшалары бар, ақ түсті жер асты метаморфозданған өркен - …

  32. Жақсы жетілген паренхималық өсі бар, метаморфозданған жер асты өркені - ….

  33. Қор заттары жиналған және вегетативті көбею қызметін атқаратын көп жылдық жер асты өркені - …

  34. Қысқарған түбіртікті өсі және етженді шырынды қабыршақтанған (жапырақтары бар жер астындағы кейде жер үстіндегі метаморфозданған қысқарған өркен - …

Б. Дұрыс жауапты таңда.



  1. Дара жарнақты сабағына келесіөткізгіш шоқтар тән:

  1. концентрлі

  2. бикаллатеральды

  3. радиалды

  4. коллатералды жабық

  5. коллатеральды ашық

  1. Өркеннің өсуіндегі маманданған меристемалық конус болып табылатын:

  1. протодерма

  2. дерматоген

  3. перифериялық меристема

  4. негізгі меристема

  5. туника

  1. Қандай типті стель жақсы жетілген, айқындалған:

  1. актиностель

  2. гаплостель

  3. сифоностель

  4. атактостель

  5. эустель

  1. Қай типтегі стель ең қарапайым:

  1. актиностель

  2. гаплостель

  3. атактостель

  4. плектостель

  5. сифоностель

  1. Қос жарнақтылардың сабағында қандай өткізгіш шоқтар кездеседі:

  1. радиалды

  2. ашық коллатералды

  3. жабық коллатералды

  4. концентрлі

  5. биколлатералды

  1. Өркеннің жер үсті метаморфозасын көрсет:

  1. пиязшығы

  2. филлоклодийлері

  3. тамырлары

  4. түйнегі

  5. түйнек пиязшығы

  1. Жапырақтары редукцияға ұшыраған плагиотропты өркен:

  1. шырмауық

  2. мұртша

  3. столон

  4. тамыр сабақ

  5. түйнек

  1. Моноподиалды бұтақтануда органның ұзынынан өсуін жалғастырады:

  1. төбе бүршігі

  2. жанама бүршіктер

  3. теріс жаққа өсетін жанама бүршіктер

  4. басты бүршіктің жойылу себебімен, жанама бүршік

  5. қосалқы бүршіктер

  1. Сабақта жапырақтың орналасқан жері қалай аталады:

  1. буын

  2. буынаралығы

  3. қолтық

  4. жапырақтан

  5. жапырақ тыртығы

  1. Қай мүше вегетативтік мүшелерге жатады:

  1. гүл

  2. жеміс

  3. тұқым

  4. өркен

  5. дұрыс жауабы жоқ

  1. Тамыр және сабақ арасындағы шекараны қалай атайды:

  1. каудекс

  2. эпикотиль

  3. гипокотиль

  4. ұрық буыны

  5. тамыр мойыны

  1. Сабақтың өсу конусының маманданған меристемасы:

  1. протодерма

  2. дерматоген

  3. перифериялық меристема

  4. күндік меристема

  5. туника

  1. Бүршік қабыршақтары жоқ бүршіктер қалай аталады:

  1. ашық

  2. жабық

  3. бұйыққан

  4. жанару

  5. генеративтік

  1. Сабақтың өзегі неден қалыптасады:

  1. апикальды меристемадан

  2. перифериялық меристемадан

  3. прокамбийден

  4. кіндік меристемадан

  5. протодермадан

  1. Орналасуына қарай бүршіктер қалай аталады:

  1. ашық және жабық

  2. қолтық және төбелік

  3. бұйыққан және қосалқы

  4. вегетативтік және генеративтік

  5. экзогендік және эндогендік

  1. Жылдық сақиналар қай өсімдіктердің сабақтарына тән:

  1. шөп тектес

  2. ағаш

  3. даражарнақты

  4. астықтар

  5. лалагүлдер

  1. Өсімдіктердің интеркалярлы өсуі қайда жүреді:

  1. жапырақтың үстіңгі жағында

  2. жапырақтың төменгі жағында

  3. сабақтың ұшында

  4. тамырдың ұшында

  5. буынаралықтардың түбінде

  1. Даражарнақты шөптесін өсімдіктің сабақтарына не тән:

  1. ашық коллатеральды шоқтар, олар бір шеңберде орналасқан

  2. жабық коллатеральды шоқтар, олар шашырап орталық цилиндрде орналасқан

  3. шоқтар жоқ, сүрек бөлімде жылдық шеңберлер трахеидтерден тұрады

  4. шоқтар жоқ, сүрек бөлімінде жылдық шеңберлер сосудтар, трахеидтер, талшықтар, паренхимадан тұрады

  5. шоқтар жоқ, сүрек бөлімінде жылдық шеңбер жоқ

  1. Жалпақ жапырақты ағаш өсімдіктерінің сабақтарына қандай құрылыс тән?

  1. ашық коллатеральды шоқтар, олар өзекті айнала орналасқан

  2. жабық коллатеральды шоқтар, олар шашырап орталық цилиндрде орнаасқан

  3. шоқтар жоқ, сүрек бөлімде жылдық шеңберлер, олар сосудтардан және басқа ұлпалардан тұрады, шайыр жолдары жоқ

  4. шоқтар жоқ, сүрек трахеидтерден тұрады, жылдық шеңберлі және шайыр жолдары бар

  5. шоқтар жоқ, сүрек бөлімінде жылдық шеңберлі жоқ, қабық эпидермамен жабынды

  1. Қай өсімдіктердің сабағының сүрек бөлімінде трахеидтерді табуға болады:

  1. жүгері

  2. беде

  3. кирказон

  4. зығыр

  5. қарағай

  1. Шөптесін өсімдіктердің сабағынан қалай айыруға болады:

  1. алғашқы қабық бар болуы

  2. өзектің болуы

  3. шоқтардың болуы және жылдық шеңберлердің болмауы

  4. камбийдің болуы

  5. өзек сәулелері болуы

  1. Шөптесін өсімдіктердің сабағының шоқсыз құрылысын ағаш өсімдіктердің сабағының шоқсыз құрылысынан қалай айыруға болады?

  1. камбийдің болуы

  2. өзектің болуы

  3. жылдық шеңберлердің болуы

  4. камбийдің жоқ болуы

  5. жылдық шеңберлердің жоқ болуы

  1. Түрөзгерген өркенді атаңыз:

  1. тамыржеміс

  2. пиязшық

  3. тамыртүйнек

  4. тамырдағы түйнекшелер

  5. ассимиляциялаушы тамырлар

  1. Өркеннің негізгі қызметі қандай:

  1. вегетативтік көбею

  2. су қоры жиналуы

  3. қор заттар жиналуы

  4. минералды көректену

  5. фотосинтез

  1. Даражарнақтыларға тән стельдің типі:

  1. сифоностель

  2. актиностель

  3. атактостель

  4. эустель

  5. гаплостель

  1. Сабақ пен жапырақтың арасындағы бұрышты қалай атайды?

  1. буын

  2. буынаралығы

  3. қолтық

  4. жапырақ ізі

  5. жапырақ тыртығы

61. Метамерлік құрылыс қай вегетативтік мүшеге тән?

  1. тамыр

  2. өркен

  3. тамыржеміс

  4. вайя

  5. телом

62. Негізгі (бас) бұтақтың басым дамуы, бүйірлік бұтақтарға қарағанда, бұтақтануының қай типіне қарайды?

  1. дихотомиялық

  2. жалған дихотомиялық

  3. моноподиальды

  4. симподиальды

  5. дұрыс жауабы жоқ

63. Буын дегеңіміз не?

  1. жапырақтың қолтығы

  2. ұрықтың өркені

  3. өсу конусы

  4. жапырақ шыққан сабақтың учаскесі

  5. түбіртек

64. Өркен неден қалыптасады?

  1. бүйір бүршік

  2. төбе бүршік

  3. тұқым ұрығының бүршігі

  4. қосалқы бүршік

  5. жанама бүршік

65. Ағаш өсімдіктердің сабағының сүрек бөліміндегі ядро дегеніміз не?

  1. сүрек паренхимасы

  2. өзек саулесінің паренхимасы

  3. камбийге жақын сүрек бөлімінің жұмыс істемейтін аймағы

  4. өзекке жақын сүрек бөлімінің жұмыс істемейтін аймағы

  5. өзек паренхимасы

66. Түрөзгерген сабақты атаңыз:

  1. тамыржеміс

  2. тамырсабақ

  3. тамыртүйнек

  4. тамырдағы түйнекшелері

  5. ассимиляциялаушы тамырлар

67. Тамырсабақ деген не?

  1. үзарған өркен

  2. қысқарған өркен

  3. жер астындағы өркен

  4. түрөзгерген өркен

  5. бұл өркен емес

68. Қос жарнақтыларға тән стельдің типі:

  1. актиностель

  2. гаплостель

  3. сифоностель

  4. атактостель

  5. эустель

  1. Тамыр



А. Анықтаманы толтыру



  1. Өсімдікте топырақтан көректену функциясын атқаратын негізгі вегетативті орган - ….

  2. Бір особьтің барлық тамыр жиынтығы - …

  3. Тамыр ұрықшасынан пайда болып келе жатқан тамыр - …

  4. Жақсы дамыған негізгі тамыры бар тамыр жүйесі - …

  5. Бірінші қабықты беретін тамыр апексінің меристемасының сыртқы бөлімі - …

  6. Осьті цилиндрді беретін тамыр аспектісінің меристеманың ішкі бөлімі - …

  7. Меристемалық және жаңадан пайда болу қасиет сақтайтын, тамырдың ең сыртқы клеткалар қабаты - …

  8. Тамыр ұштары және олармен бірігіп өскен саңырауқұлақ гифтері бірігіп құрайды - …

  9. Азот бөлетін саңырауқұлақтармен симбиозды тіршілік етуге бейімделген, өзгерген бүйір тамырлар - …

  10. Тамыр мен өркен құрылуына қатысатын күрделі метаморфозды қор жинағыш мүше - ….

  11. Қор жинағыш функцияны атқаратын күшті нығыздалған тамырлар - …

  12. Тамыр мойындағы қосалқы бүршіктен пайда болатын өркен - …

Б. Дұрыс жауапты табу



  1. Тамырдың морфологиялық өзгешелігі болып табылады:

  1. Тамыр оймақшаның болуы және метамерді структурасының болмауы.

  2. Метамерлі структурасы мен тамыр оймақшаның болуы.

  3. Метамерлі структурасының болуы, тамыр оймақшаның болмауы.

  4. Метамерлі структурасының болмауы, тамыр оймақшаның болмауы.

  5. Метамерлі структурасының болмауы және апикалды меристеманың жоқ болуы.

  1. Ненің арқасында тамырдың ұзынынан өсуі жүреді:

  1. интеркалярлы меристема

  2. біріншілік латеральді меристема

  3. апикальді меристема

  4. екіншілік латеральді меристема

  5. травмалық меристема

  1. Тамырдың бірінші қабығының ішкі қабаты нені құрайды?

  1. перицикл

  2. экзодерма

  3. энтодерма

  4. ризодерма

  5. паренхима

  1. Тамырдың структурасына кірмейтін ұлпаны ата?

  1. вентиляциялық

  2. ассимиляциялық

  3. механикалық

  4. перидерма

  5. қор жинағыш

  1. Тамырдың екінші рет жуандауы қайсыларына тән?

  1. дара жарнақтыларға

  2. папоротниктерге

  3. қосжарнақтыларға

  4. қырықбуынға

  5. плаундарға

  1. Ненің арқасында жанама тамырлар пайда болады?

  1. апикальды меристема

  2. интеркаллярлы меристема

  3. прокамбий

  4. камбий

  5. перицикл

  1. Қандай өсімдіктерге шашақ тамыр жүйесі тән?

  1. ас бұршақ

  2. жүгері

  3. күнбағыс

  4. асқабақ

  5. емен

  1. Қандай өсімдіктерге кіндік тамыр жүйесі тән?

  1. сұлы

  2. жолжелкен

  3. емен

  4. меруертгүл

  5. жүгері

  1. Сабақтан қандай тамыр шығады?

  1. ұрықтық

  2. жанама

  3. қосалқы

  4. жемістамыр

  5. түйнектамыр

  1. Тамырдың қай аймағында төбе меристемасы орналасады?

  1. бөліну аймағы

  2. созылу аймағы

  3. сору аймағы

  4. тамыр оймақша аймағы

  5. өткізу аймағы

  1. Тамыр оймақшасының мәні қандай?

  1. суды сорады

  2. суды өткізеді

  3. механикалық зақымдардан қорғайды

  4. қордағы крахмалы жинайды

  5. жаңа жасушаларды түзеді

  1. Қандай шоқ типі алғашқы құрылымды тамырға тән?

  1. концентрлі

  2. радиалды

  3. биколлатеральды

  4. коллатеральды ашық

  5. коллатеральды жабық

  1. Тамырдың перицикл бөлімі қай ұлпаға жатады?

  1. жабынды

  2. негізгі

  3. түзуші

  4. бөліп шығарушы

  5. өткізгіш

  1. Тамырдың алғашқы қабықтың ішкі қабатын атаңыз:

  1. трихома

  2. ассимиляциялаушы

  3. механикалық

  4. перидерма

  5. қор жинаушы

  1. Дара жарнақтылардың тамыр жүйесі қандай?

  1. аллоризды

  2. алғашқы гоморизды

  3. екінші рет гоморизды

  4. тамырлары жоқ

  5. дұрыс жауабы жоқ

  1. Ұрықтан дамитын тамыр қалай аталады?

  1. білсу

  2. ауалық

  3. жанама

  4. қосалқы

  5. бас (негізгі)

  1. Тамырдың қай аймағында тамыр түкшелері орналасады?

  1. бөліну аймағы

  2. созылу аймағы

  3. сору аймағы

  4. тамыр оймақша аймағы

  5. өткізу аймағы

  1. Тамырдың қай аймағында камбий орналасады?

1. бөліну аймағы

2.созылу аймағы



  1. сору аймағы

  2. тамыр оймақша аймағы

  3. бұтақтану

  1. Тамыр сору аймағы қай ұлпамен жабынды?

  1. тозбен

  2. эпиблемамен

  3. экзодермамен

  4. эпидермиспен

  5. перициклмен

  1. Тамырдың түрөзгерісін тап:

  1. картоп түйіні

  2. меруертгүлдің тамырсабағы

  3. қызылшаның тамырсабағы

  4. пияздың пиязшығы

  5. капустаның қауданы (жапырақтары)

  1. Қор заттарын жинақтаумен байланысты сәбіз тамыр жемісінің қай бөлімі өсіп жуандайды?

  1. қабық паренхимасы

  2. сүрек паренхимасы

  3. перицикл

  4. эндодерма

  5. камбий

3.Жапырақ

А. Анықтаманы толықтыру.



  1. Фотосинтез және транскрипция функцияларын атқаратын бүйір органның өскіні - …

  2. Сағақта тек бір жапырақ пластинкасы орналасатын жапырақ - ….

  3. Бір сағақта бітнеше жапырақ пластинкалары орналасатын жапырақ - ….

  4. Өркеннің өсу конусындағы жапырақ бастамасы - …

  5. Жапырақ пластинкаларында пайда болып отыратын сабақ тәрізді цилиндрлі өсінді - ….

  6. Орамды толық орап түтік түзетін жақсы өскен жапырақ қойнауы - …

  7. Жапырақ қойнауындағы қос бүйір өсінді - …

  8. Тарандар тұқымдасына тән, екі қойнау жапырақшасының бірігіп өсуінен пайда болған - …

  9. Астық тұқымдастары мен плаундарда кездесетін жапырақ қойнауының ұсақ өсінділері - …

  10. Жапырақшалары бар күрделі жапырақтың жалпы осьі - …

  11. Торға ұқсайтын жапырақ пластинкаларының жүйкеленуі - …

  12. Судың артық мөлшерден буланып кетуінен сақтайтын жапырақ бетінде пленка құрайтын кутин, суберин және воск - ….

  13. Үстінгі және астыңғы эпидермистің арасындағы орналасатын, механикалық және өткізу ұлпалары емес ұлпалар - …

  14. Ұзақ уақыт өсу кезінде, белгілі бір тіректің айналасында шырмалатын өркеннің немесе жапырақтың түр өзгерісі - …

  15. Жапырақтың плагиотропты өркенде бір жапырақта, бір - біріне көлеңке түсірмейтіндей ерекше орналасуы - …

  16. Бір өсімдіктегі жапырақтың әр түрлі пішінде болуы - …

  17. Өркенің белгілі бір буынында қарама - қарсы немесе топтаса орналасқан әр түрлі пішіндегі және әр түрлі көлемденгі ассимиляциялық жапырақтар - …

  18. Өсімдіктің қолайсыз жағдайда жапырағын түсіруге бейімделу қасиеті - …

Б. Дұрыс жауапты табу.



  1. Жапырақтың сабақта бекіген жері:

  1. бүршік

  2. буын аралығы

  3. қынап

  4. саңылау

  5. жапырақ ізі

  1. Жапырақтың метаморфозы бола алмайды:

  1. тікен

  2. мұршалар

  3. тікенектер

  4. бүршік қабыршақтары

  5. дұрыс жауап жоқ

  1. Күрделі жапырақтары бар:

  1. алма ағашы

  2. құлпынай

  3. емен

  4. ақ қайын

  5. бидай

  1. Жапырақтың жоғарғы жағында устица орналасады:

  1. гигрофиттерге

  2. гидрофиттерде

  3. гидатофиттер

  4. мезофиттер

  5. ксерофиттер

  1. Қарағайдың ине жапырақтарында мезофильдің ерекше типі бар, ол қалай аталады?

  1. бағаналы

  2. борпылдақ

  3. қатпарланған

  4. бұрышты

  5. тақталы

  1. иЖапырақтағы өткізгіш шоқ:

  1. коллатералды жабық

  2. коллатералды ашық

  3. радиальді

  4. концентрлі

  5. биколатеральді

  1. Жапырақтың сипаттамасының қатесін табыңыз:

  1. жапырақ тек сабақта пайда болады, жанама өскінше ретінде

  2. фотосинтез, транспирация және газ алмасу функцияларды атқарады

  3. өсуі шекті, түп жағымен өседі немесе интеркаляр арқылы

  4. жапырақ қолтығында бүршік болмау керек

  5. өз бетінде басқа жапырақ құрмайды

  1. Дорзовентральдық құрылыс қай органда болады:

  1. тамыр

  2. сабақ

  3. жапырақ

  4. тікенек

  5. тамырсабақ

  1. Жарықтық жапырақтарды сипаттағанда қай белгі қате:

  1. жапырақ мезофиллі бағаналы және борпылдақ паренхима бөлінген

  2. жапырақтар қалын, көпқабатты

  3. бағаналы паренхима көпқабатты

  4. мезофилл жасушалары тығыз орналасқан

  5. бағаналы паренхиманың жасушаларының пішіні дұрыс емес

  1. Көленкелі жапырақтардың сипаттамасындағы қатені көрсетіңіз:

  1. жапырақ мезофиллі бағаналы және борпалдық паренхимаға бөлінген

  2. жапырақтар жұқа

  3. жапырақ жасушалары борпылдақ орналасқан, жасушалардың аралықтарында қуыстар бар

  4. хлоренхима жасушаларының пішіні дұрыс емес

  5. жапырақ мезофиллінде бағаналы паренхима көрінбейді

  1. Жүйкеленуінің ең қарапайым типі:

  1. дихотомиялық

  2. торлы

  3. қаурсынды

  4. параллель

  5. доғалы

  1. Итмұрынның тікенектері неден қалыптасады:

  1. өркеннің түрөзгеруі

  2. жапырақтың метаморфозы

  3. суректенген жүйкелер

  4. эпидерманың өсінділері

  5. тамырдың түрөзгеруі

  1. Филлокладиялар қай вегетативтік мүшелердің метаморфозы:

  1. өркен

  2. жапырақ

  3. өркен мен тамыр

  4. бас тамыр

  5. бүршік

  1. Мұртшалар қай вегетивтік мүшелердің метаморфозы:

  1. өркен

  2. жапырақ

  3. өркен мен тамыр

  4. бас тамыр

  5. бүршік

  1. Қай өсімдіктің жапырағы күрделі:

  1. бидай

  2. қарағай

  3. акация (қарағана)

  4. жөке

  5. алма

  1. Қандай структуралық компонент арқылы өсімдікке атмосферадан ауа кіреді:

  1. устьице

  2. сүрек

  3. тін

  4. эпидерма

  5. тоз

  1. Орта формацияның жапырақтарын атаңыз:

  1. тұқым жарнағы

  2. гүлдер аймағындағы жапырақтар

  3. гүл шоғырлар аймағындағы жапырақтар

  4. сабақтағы жалпақ, фотосинтездеуші жапырақтар

  5. бүршік қайыршықтары

  1. Жапырақтың бағаналы ұлпасы:

  1. негізгі ұлпа

  2. бөліп шығарушы ұлпа

  3. сорушы ұлпа

  4. сорушы ұлпа

  5. өткізгіш ұлпа

  1. Қылқан жапырақты өсімдіктердің жапырағының мезофилліне қандай паренхима тән:

  1. бағаналы

  2. қатпарлы

  3. борпылдақ

  4. қоржинаушы

  5. аэринхима

  1. Қандай өсімдіктің жапырақтары күрделі:

  1. алма

  2. бүлдірген

  3. емен

  4. қайын

  5. бидай

  1. Устьицелер жапырақтың үстіңгі жағында орналасады:

  1. гигрофиттерде

  2. гидрофиттерде

  3. гидатофиттерде

  4. мезофиттерде

  5. ксерофиттерде

  1. Жапырақтың өткізгіш шоқтары қандай:

  1. жабық коллатеральды

  2. ашық коллатеральды

  3. радиальды

  4. концентрлі

  5. биколлатеральді

  1. Қандай пластидтердің әсерінен күзгі жапырақтардың түсі сарғаяды және қызарады:

  1. антоциан

  2. хлоропласт

  3. лейкопласт

  4. хромопласт

  5. аминопласт

  1. Жапырақ жүйкелердің атқаратын негізгі қызметі қандай:

  1. буланудан қорғау

  2. заттарды өткізу

  3. қор заттарын жинау

  4. фотосинтез

  5. тыныс алу
?


iii-project-justification.html

iii-qrup-kukla-teatrnda.html

iii-razdel--.html

iii-regionalnaya-nauchno-2.html

iii-regionalnaya-nauchno.html